
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілімен алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған және Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО филиалында білім алып жатқан әкімшілік «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері үшін Ашық есік күні өткізілді.
Шара барысында оларға Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қызметтік әдеп, ресми мінез-құлық, құмар ойындардан бас тарту, діни сенімдерді қызметте насихаттамау және бағыныштыларды діни қызметке мәжбүрлемеу жөнінде нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Кенчимбаев Б. қатысты.
Шара жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебін нығайтуға бағытталды.