ШҚО-да бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

ШҚО-да бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Шығыс Қазақстанда бокстан жастар арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Соның қорытындысы бойынша өңіріміз екінші орынды иеленді.
17-23 қараша аралығында Өскемен қаласы жастар боксының орталығына айналды. Мұнда елдің барлық өңірінен 2008-2009 жылдары туған 400 боксшы жиналды.
Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үздік үштіктен көрінді - жалпыкомандалық есепте 2-орын. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы құрамасы иеленсе, үшінші орынға Алматы облысы жайғасты.
Біздің боксшылардың еншісінде 7 медаль: екі алтын, бір күміс және төрт қола.
Чемпиондарымыз: Темірали Темірбаев (55 келі), Алдияр Баяндинов (65 келі).
Күміс жүлдегер: Алтай Абзал (50 келі).
Қола медаль иегерлері: Шафих Баянды (55 келі), Нұрасыл Қарымбек (75 келі), Мансұр Жұмажан (80 келі), Күмісбек Қажымұқан (85 келі).
Бұл чемпионат - елдің ең мықты жас боксшыларын анықтайтын маңызды кезең. Дәл осы алаңда Қазақстанның болашақ жастар құрамасы жасақталады.
Өңір намысын қорғаған спортшыларға алдағы жарыстарда да жеңіс жалауын желбірете берсін деп тілейміз!