2025 жылғы ШҚО бюджетіне өзгерістер енгізілді

2025 жылғы ШҚО бюджетіне өзгерістер енгізілді

Республикалық трансферттердің азаюы және кіріс бөлігінің артуына байланысты облыс бюджеті қайта қаралды.

Қысқартулар:

Республикалық трансферттер бойынша - 1,7 млрд теңге;

Кейбір мектеп құрылыстары, Риддердегі аурухана, сайлау және инфрақұрылым жобалары бойынша шығындар азайтылды.

Қосымша түсімдер:

+2,9 млрд теңге - салықтар мен айыппұлдар есебінен.

Түсімдер қаржысы төмендегідей бағыттарға бөлінді:

* білім – мұғалімдер жалақысы, тамақтану, коммуналдық қызметтер, жеке балабақшалар;

* спорт – жаттықтырушыларға үстемақы, коммуналдық төлемдер;

* энергетика және ТКШ – Риддер ЖЭО-ны жөндеу, жылу желілері, көмірге субсидия;

*құрылыс - ауылдардағы спорт нысандарының құрылысын аяқтау.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен Өскемендегі 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысына 20,4 млрд теңге бөлінді.

Өзгертулер өңірдегі маңызды жобаларды аяқтап, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталып отыр.