ШҚО-да облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

ШҚО-да облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі бейнеконференция форматында жиналыс өткізді.

Отырыс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (5-баптың 1 және 5-тармақтары, 11-баптың 1-тармағы) сәйкес ұйымдастырылды. Күн тәртібінде бірқатар маңызды нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралды.

Атап айтқанда: 

  • 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы ШҚО мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №19/142-VIII шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі жоба; -Акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру және асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту шараларын субсидиялау көлемдері бойынша ШҚО әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы №109 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасы;
  • - Катонқарағай, Глубокое және Үлкен Нарын аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы ШҚО әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі жобасы;
  • - Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ставкаларын белгілеу туралы мәслихат шешімі жобасы.
    Қоғамдық кеңес әр жоба бойынша талқылау жүргізіп, тиісті ұсыныстарын енгізді.