ШҚО-да глютенсіз өнім өндіретін жаңа цех жұмысын бастады

ШҚО-да глютенсіз өнім өндіретін жаңа цех жұмысын бастады

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында тұратын жеке кәсіпкер Полина Висмер «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін сәтті дамытып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірлік экономиканы нығайту.

Кәсіпкер жобаның арқасында 9,23 млн теңге көлемінде несие алып, Қазақстан мен Ресейден арнайы жабдықтар сатып алған. Нәтижесінде глютенсіз нан-тоқаш өнімдерін өндіруге арналған жаңа цех толыққанды іске қосылды. Өндіріс қуаттылығы – сағатына 144 бөлке нанға дейін, ал тәулігіне 2500 дана өнім шығаруға мүмкіндік бар.

Цехқа заманауи тестомесильная машина ТММ-330.02 орнатылған. Сонымен қатар конвекциялық пеш, тележкалар, алюминий табалар мен нан формалары толық жеткізіліп, іске қосылған. Өндірісте дәстүрлі нан түрлерімен қатар арнайы диеталық және глютенсіз өнімдер дайындалады.

«Мен ұзақ уақыттан бері денсаулыққа пайдалы, глютенсіз өнім өндіруді қолға алуды ойлап жүрдім. «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы арқылы бұл ой нақты іске асты. Қазір біздің цех толық қуатында жұмыс істеп тұр. Тұтынушыларға сапалы әрі табиғи өнім ұсыну – басты мақсатымыз»,- дейді «Ауыл аманаты»  жобасының қатысушысы Полина Висмер.

Бүгінде кәсіпорында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өнім түрлерін кеңейтіп, жаңа сорттар шығару арқылы өндіріс көлемін арттыру жоспарланып отыр.