ШҚО-да полицейлер студенттік жатақханаларда нашақорлықтың алдын алу бойынша рейдтер өткізді

ШҚО-да полицейлер студенттік жатақханаларда нашақорлықтың алдын алу бойынша рейдтер өткізді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Мәлік Хамитов ШҚО ПД Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесінің мүшесі Айдос Әділбековпен, сондай-ақ ПД кинологиялық қызмет орталығының қатысуымен Өскемен көпбейінді технологиялық колледжінің студенттік жатақханасында және Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттер үйінде рейдтер өткізді.

Ондағы негізгі мақсат – жастар арасында есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, студенттерде есірткі заттарын тұтынуға және таратуға деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру.

Рейд барысында полиция қызметкерлері оқу орындарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, келесі мәселелерге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізді: есірткі заттарын сақтау, тұтыну және өткізу фактілерін анықтау және оларға жол бермеу; студенттердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру; студенттік жатақханаларда қауіпсіз және салауатты өмір сүру ортасын құру.

Айта кету керек, рейдтер жастардың салауатты өмір салтын және өз болашағына деген саналы қарым-қатынасын қалыптастыруға, полиция, оқу орындары мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.