ШҚО-ға белгілі ардагерлер Михаил Керцман мен Василий Рудомётов өмірден өтті

ШҚО-ға белгілі ардагерлер Михаил Керцман мен Василий Рудомётов өмірден өтті

ШҚО-ның бұрынғы прокуроры Михаил Керцман өмірден өтті. 

Елге еңбек сіңірген заңгер, облыстың бұрынғы прокуроры, әділет генерал-майоры Михаил Яковлевич Керцман 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ол үшін заң үстемдігі мен Отанға адал қызмет ету - өмірдің басты мәні болды.

Михаил Яковлевич - өз ісіне жан-тәнімен берілген, ұстанымы берік жан еді.

Оның ерен еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында өңірде заң үстемдігі орнап, тәртіп нығайып, адал және білікті прокурорлар буыны қалыптасты.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің инстаграм парақшасында @saktaganovnurymbet Михаил Яковлевичтің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

Михаил Керцманның жарқын бейнесі мен өнегелі өмірі жерлестерінің жадында мәңгі сақталады!

***

8 қараша күні 99 жасқа қараған шағында Василий Григорьевич Рудомётов қайтыс болды. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың Алтай ауданындағы соңғы ардагері еді. Жерлеу рәсімі 10 қараша күні әскери құрмет көрсетіліп, оркестрдің қатысуымен өтті.

Отан үшін отқа түсуден де тайынбаған батыр соғыстың ауыр жылдарын еңсеріп, Жеңістен кейін өзін еңбекке және Шығыс Қазақстан облысын дамытуға арнады. Мейірімділігімен және қарапайымдылығымен ерекшеленген батыр жайлы жарқын естеліктер жақындарының жадында мәңгі сақталады. Батырдың жатқан жері жайлы болсын!