
Шығыс Қазақстан облысының параспортшысы Ардақ Нұрмағамбетов Қазақстан Республикасының Кубогында тамаша нәтиже көрсетті.
Жеке кездесулерде ол қарсыластарына дес бермей, Атырау, Жамбыл облыстары және Орал қаласының спортшыларын 3:0 есебімен ұтты. Ал финалда тағы да атыраулық спортшымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Ардақ пара үстел теннисінен Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.
Жұптық жарыста Атырау қаласының спортшысымен бірге өнер көрсетіп, үш ойын өткізіп, Қазақстан Кубогының чемпионы атанды.
Аралас жұптық сайыста жерлесіміз Екатерина Федоренкомен бірге сынға түсіп, күміс жүлдеге ие болды.
Бір турнир – үш марапат! Ардақтың табандылығы мен еңбексүйгіштігі – жас спортшыларға үлгі.