
Ерекше назар жасанды интеллект технологияларын дамыту мен бірыңғай цифрлық экожүйе құруға аударылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Сапарғалиев хабарлады.
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының мәліметінше, медицина саласында өңірдің барлық тұрғындары электронды денсаулық паспорттарымен қамтылған.
PACS жүйесі жасанды интеллект элементтерін пайдаланып, медициналық суреттерді өңдейді және өкпе мен сүт безі қатерлі ісігін қоса алғанда, түрлі патологияларды автоматты түрде анықтайды. Бұл дәрігерлердің диагноз қою дәлдігін арттырып, медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Жасанды интеллект бейнебақылау деректерін талдауда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де қолданылады. Сонымен қатар қоғамдық көліктің жұмысын оңтайландыру мақсатында автоматтандырылған диспетчерлік жүйелер енгізіліп жатыр.
Айта кетейік, жалпы Шығыс Қазақстандағы Өскемен, Риддер және Алтай қалаларында барлығы 5 839 бейнебақылау камерасы орнатылған.
Қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қосымша 243 «Мерген» автоматтандырылған кешені жұмыс істеп тұр.