Күршім ауданында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында биыл 14 үй салынады

Күршім ауданында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында биыл 14 үй салынады

Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатына қатысып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін баян етті.

«Бүгінде Күршімнің егістік алқабының 96,5 пайызы немесе 22,4 мың гектары жиналды. Жыл басынан бері мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы 58 кәсіпкерге 448,6 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. 31 шаруа қожалығы лизингке 37 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Биыл аудан бойынша 787 жұмыс орнын құру жоспарланып, іс жүзінде 746 жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 95%-ға орындалды»,- деді М.Әлбеков.

Күршім ауылындағы айналма жолдың құрылысы жалғасуда. Жобаны 2026 жылы жүзеге асыру жоспарланған. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудан бойынша «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 2025 жылы 14 тұрғын үй салынбақ. Оның 13-і Күршім ауылында, 1 үй Алғабас ауылында орналасады.

«Күршім ауданы сенімді түрде алға жылжуда. Жаңа жолдар, мектептер, тұрғын үйлер және жұмыс орындары — бәрі тұрғындардың өмірін жайлы әрі заманауи етуге деген үйлесімді жұмыстың нәтижесі», — деді әкім.