Алтай ауданының әйелдері тегін медициналық тексеруден өтті

Алтай ауданының әйелдері тегін медициналық тексеруден өтті

Шығыс  Қазақстан облысында халықтың денсаулығын сақтау және сырқат түрлерін ерте анықтау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл тұрғындарына қолжетімді медицина» акциясы жалғасып жатыр.

Бүгін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығындағы кешенді тексеруге Алтай ауданының әйелдері келді. 30-дан астам адам білікті мамандардың қабылдауында болып, түрлі медициналық зерттеулерден өтті.

 Акция барысында маммография, ультрадыбыстық зерттеу, төмен дозалы компьютерлік томография, онкологтар мен өзге де бейінді дәрігерлердің кеңестері жүргізілді. Сондай-ақ қан талдауы мен цитологиялық зерттеулер де жасалды.

Акцияның негізгі мақсаты – онкологиялық аурулардың алдын алу және шалғай ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру.

Орталық директоры Гүлмира Сағидуллина мұндай іс-шаралардың аудандар үшін маңыздылығын атап өтті.

«Ерте диагностика - ауыр дерттердің алдын алудың ең тиімді жолы. Біз шалғай ауылдардың әйелдері де сапалы тексеруден өтіп, мамандардың кеңесін алса дейміз. Бүгін тексеруден өткен бірнеше әйелден обырға дейінгі өзгерістер анықталды. Бұл оларға уақытылы ем қабылдауға мүмкіндік береді», - деді ол.