ШҚО Алтай қаласында «Табиғат тазалығы - ел болашағы» атты дөңгелек үстел өтті

ШҚО Алтай қаласында «Табиғат тазалығы - ел болашағы» атты дөңгелек үстел өтті

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында «Табиғат тазалығы - ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Алтай ауданының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты - «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.

Дөңгелек үстел жұмысына білім беру мекемелерінің өкілдері, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Қатысушылар өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған идеялармен бөлісті және жастарды экологиялық бастамалар мен волонтерлік жобаларға тарту жолдарын қарастырды.

Шара барысында табиғатқа ұқыпты қарау құндылықтарын насихаттау және экологиялық мәдениетті қоғам арасында кеңінен дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар болашаққа қамқорлық пен жасыл ел құруға үлес қосу нышаны ретінде ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Күтілетін нәтиже ретінде жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғау мәселелеріне деген саналы көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ білім беру ұйымдары, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту көзделуде.

Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар басқа өңірлерге де үлгі болып, азаматтарды «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді қатысуға ынталандырады деген сенім білдірді.