Құрметті достар! Бүгін біз екі бірдей маңызды кәсіби мереке - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мен Көлік және жол саласы қызметкерлері күнін қатар атап өтіп жатырмыз.
Сіздер сырт көзге білінбейтін, бірақ аса маңызды жұмысты атқарып келесіздер. Әлеуметтік сала қызметкерлері - бұл қиын жағдайға тап болған адамдарға жылылық сыйлап, қолдау көрсететін жандар. Сіздердің арқаларыңызда халық мемлекет қамқорлығын, мейірімін шын сезінеді.
Ал жолшылар мен автокөлік саласының мамандары - өңір дамуының қозғаушы күші. Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде Шығыс Қазақстан өңірі өмір ырғағынан жаңылмай, алға қадам басып келеді.
Сіздер атақ-даңқ іздемейсіздер, бірақ күнделікті тұрақтылықты өздеріңіз қамтамасыз етіп отырсыздар.
Кәсібиліктеріңізге, жауапкершіліктеріңізге және адал еңбектеріңізге шын жүректен алғыс айтамын. Әркез жемісті жұмыс істеп, абырой биігінен көріне беріңіздер! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке және қызметте де, сапарда да жолдарыңыз ашық болсын деп тілеймін.