Ұлан ауданы Привольное ауылындағы спорт кешені күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Ұлан ауданы Привольное ауылындағы спорт кешені күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Привольное ауылындағы спорттық кешен 2008 жылы салынған. Былтыр «Багратион-2» шаруа қожалығының басшысы Василий Воропайдың қаржылай қолдауымен 35 млн теңгеге шатыр орнатылды.

Қазір кешенде 65 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ондағы мақсат – спортшылар мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасау. Ұлан ауданына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов кешенге барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Айта кетейік, ауылда армрестлинг, керлинг және шайбалы хоккей бойынша 6 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді.

Сондай-ақ сапар барысында аймақ басшысы Привольное ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны аралады. 2015 жылдан бері жұмыс істеп тұрған медициналық мекеме бір ауысымда 24 адамды қабылдай алады. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және жергілікті бюджет есебінен 110,7 млн теңге бөлініп, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.