Сауда және интеграция министрі Өскемендегі «Алтай» көтерме-тарату орталығына барды

Сауда және интеграция министрі Өскемендегі «Алтай» көтерме-тарату орталығына барды

Өскеменде Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған Сауда және интеграция министрі қатысты.

Сондай-ақ ол «Алтай» көтерме-тарату орталығында және «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында болды.

Сапар барысында Арман Шаққалиев өңір нарығында адал әрі тұрақты сауданы қамтамасыз етуді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.