«Алтай Өскемен» мен «Ертіс» тең тарқасты

«Алтай Өскемен» мен «Ертіс» тең тарқасты

Бүгін футболдан бірінші лигада «Алтай Өскемен» командасы павлодарлық «Ертіспен» кездесті. Қонақтар турнирлік кестеде екінші орында тұрса, өскемендік футболшылар 51 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан.

Маусымдағы соңғы әрі маңызды ойындардың бірінде өз командасына қолдау көрсету үшін келген халық қарасы аз болған жоқ.

Тартысты өткен ойында екі команда тең тарқасты. Бірінші таймда «Ертіс» ойыншылары есеп ашса, екінші таймда алаң иелері жауап қайтарды. Қорытынды есеп: 1-1.

КПЛ жолдамасы үшін күрес әлі аяқталмады.  Қазақстанның үздік лигасына қай команданың жолдама алатыны соңғы турда шешілмек.