Шығыс Қазақстанда егін өнімдерін жинау жалғасуда

Шығыс Қазақстанда егін өнімдерін жинау жалғасуда

Күз бастала салып, диқандар еңбектерінің жемісін жинауды бастады. Қазіргі таңда өңірде жаздық бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, масақ қоспасы, жүгері, тары, бұршақ, бақша дақылдары, күздік рапс 100% жиналған.

Өңірдің кейбір аймақтарындағы ауа-райының қолайсыздығы жұмысқа өз кедергілерін келтіріп жатыр. Десе де, диқандар жауын-шашынға қарамастан жұмыстарын жалғастырып жатыр. Көкөніс өнімділігі гекторына – 282,7 ц, бақша дақылдары - 328,6 центнерді құрады. Атап айтқанда, майлы дақылдар 26,3%, көктемгі рапс - 54%, соя 73,6%, күнбағыс - 24%, мақсары-86,4%, қыша 71,1%, зығыр 13%, картоп 98% жиналды.

Аймақ агроқұрылымдары егін жинау жұмыстарын оңтайлы жүргізуге көмектесетін материалдық-техникалық құралдармен және басқа да материалдық ресурстармен қамтылған. Облыстағы шаруашылықтар мен элеваторларында 90 кептіргіш пен астық жинайтын 3248 комбайн бар. Астықты сақтау және астық кептіру қондырғыларымен жабдықталған лицензиясы бар 8 элеватор жұмыс істейді.

Сондай-ақ, облыс шаруаларына Энергетика министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты егін жинау кезінде тұқымдарды кептіру үшін қосымша 7 мың тонна дизель отынын бөлгенін атап өткен жөн.