ШҚО Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

ШҚО Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 5-тармақтарына және 11-бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:

         - «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;

          - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы      № 23/265-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының қаулысының жобасы;

- «Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешім жобасы;

- «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімінің жобасы;

- «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы;

- «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау,

күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы;

  • Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Риддер қалаларының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы» шешімінің жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік нышанын бекіту туралы» қаулысының жобасы.

Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің Штаб басшысы Камзин Дидар 2025 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы туралы есебі тыңдалып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берілді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін бірқатар Кеңес мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

Отырыста, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Ұлан аудандық филиалының мектепке дейінгі білім беру саласындағы кәсіпкерлердің түйткілді мәселелеріне қатысты өтініші қаралды.