ШҚО әкімі отандық футбол аңызы Вахид Масудовты туған күнімен құттықтады

ШҚО әкімі отандық футбол аңызы Вахид Масудовты туған күнімен құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгілі қазақстандық жаттықтырушы, спорт қайраткері Вахид Масудовпен кездесіп, туған күнімен құттықтады.

«Сіз отандық футболдың мұқым бір дәуірінің бет-бейнесісіз. Осы күнге дейін кәсібиліктің, жігерлілік пен спортқа деген адалдықтың жарқын үлгісі болып келесіз»,– деді аймақ басшысы.

Вахид Масудов – КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1980-жылдары ол алматылық «Қайрат» командасының белді футболшысы ретінде шебер техникасымен және ойындағы интеллектісімен көпті тәнті еткен.

Футболшы ретіндегі мансабын аяқтаған соң еліміздің алдыңғы қатарлы клубтарында бас бапкер болып жемісті еңбек етті. Ол «Қайрат», «Атырау», «Тараз», «Шахтёр», «Ордабасы», «Мақтаарал» командаларын және Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырды.

Бүгінде Вахид Юнусович футболдағы қызметін жалғастырып, Өскеменнің «Алтай» футбол клубының бас бапкері міндетін атқарып келеді.

Кездесу барысында облыс әкімі туған күн иесіне зор денсаулық тілеп, естелік сыйлық табыстады. Өз кезегінде Вахид Масудов «Алтай» клубын еліміздің үздік командалары қатарына қосуға бар күшін салатынын айтты.