Өскеменде СЭС маңында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтеді

Өскеменде СЭС маңында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтеді

9 қазан күні Өскемен қаласында әскери міндетті азаматтардың қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтеді. 

Оқу-жаттығулар Өскемен су электр станциясы аумағында өткізіледі. Әскери дайындық барысында әскери міндеттілер стратегиялық нысанды қорғау және күзету мәселелерін пысықтайды.

Құрметті қала тұрғындары! Сабыр сақтап, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты — әскери міндетті азаматтардың жауынгерлік даярлығын арттыру және өңірдің стратегиялық маңызды нысандарын қорғау жүйесін жетілдіру.