«Таза Қазақстан»: ШҚО-да табиғатты қорғау тақырыбында ашық диалог өтті

«Таза Қазақстан»: ШҚО-да табиғатты қорғау тақырыбында ашық диалог өтті

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде студенттердің экологиялық қозғалыс өкілдерімен кездесу өтті. Жиын табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау ісінде белсенділік танытып жүрген жастардың басын қосты.
Шарада спикер ретінде экологиялық волонтер Людмила Евженкова мен арт-директор Анастасия Черномаз сөз алды.
Людмила Евженкова табиғатты қорғауға бағытталған жобалар туралы кеңінен тоқталып, экологиялық волонтерліктің қыр-сырымен бөлісті. Ол қоқысты сұрыптап жинаудың, «жасыл» бастамаларға белсене араласудың маңызын айрықша атап өтті. Сонымен қатар қоршаған ортаға келер зиянды азайтуға бағытталған заманауи тәсілдерді тілге тиек етті.
Анастасия Черномаз өз кезегінде өнер мен шығармашылықтың экологиялық құндылықтарды дәріптеудегі қуатты құралға айнала алатынын көрсетті. Ол жаңа ой қалыптастыратын, қоғамға серпін беретін арт-жобаларды мысалға келтіріп, жастарды ізгі бастамаларды қолға алуға жігерлендірді.
Бұл жүздесу нағыз диалог алаңына айналып, студенттер пайдалы кеңестер тыңдап қана қоймай, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейдегі экологиялық жобаларға қатысу мүмкіндіктерімен танысты.

##ТазаҚазақстан##устойчивоеразвитие#@TazaQazaqstan#@TazaQazaqstan