Ауызсу:
Облыс халқының таза ауызсуға қолжетімділігі 99,4%-ға жетті (ҚР – 98,6%):
қала – 99,9%, ауыл – 98,4%.
Әлі де төрт мыңнан аса адамды, негізінен ауыл тұрғындарын, сумен қамту қажет.
Осы мақсатта биыл 26 жобаға 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоспарға сәйкес ауылдық округтер мен қалаларда су желілерін салу және қайта жаңғырту қарастырылған. Жыл соңына дейін халықтың қолжетімділік көрсеткішін арттыратын 13 жобаны аяқтау жоспарлануда (оның ішінде Комсомольский, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Отрадное, Бозанбай, Асубұлақ, Үлкен Өзен, Берёзовка елді мекендері).
Құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда:
Қыркүйек айының басында қаржы игеру көрсеткіші жоспардың 92%-дан астамын құрады. Жекелеген нысандарда сорғы станциялары мен электр желілері бойынша кідірістер бар, жұмыстар қазан–қараша айларында аяқталмақ.
Жылыту маусымына дайындық:
Бүгінгі таңда өңірдегі ЖЭО-лардың дайындығы 90% деңгейінде.
Электр желілерінің 537 км-і толық жөндеуден өтті. Білім беру нысандары 100%, денсаулық сақтау нысандары 97% дайын.
Отын:
Жылу көздерінде 393,3 мың тонна көмір қоры жинақталды. Коммуналдық кәсіпорындардың жеткізушілер алдындағы қарыздарын өтеу жұмыстары жүргізілуде.
“Қала және аудан әкімдеріне 1 қазанға дейін халықты жылумен қамтамасыз ету бойынша қалған жұмысты аяқтауды тапсырамын. Орындамаған жағдайда жауапкершілік елді мекендердің бірінші басшыларына жүктеледі”,– деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.
Жауапкершілік елді мекендердің бірінші басшыларына жүктеледі. Сондай-ақ аймақ басшысы көмір жеткізу ісінде өңірлік операторлардың ерекше бақылауын атап өтті.
Барлық қабылданған шешімдер халықты таза ауызсумен 100% қамтамасыз етуге, жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.