Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының қатысуымен экология мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Баяндамамен ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арман Есентаев сөз сөйледі. Ол өңірде алда өткізілетін экологиялық іс-шаралар туралы, оның ішінде еріктілер мен облыс тұрғындарының қатысуымен өткізілетін жаппай ағаш отырғызу акциясы жайлы айтып, сондай-ақ табиғат пайдалану саласында орындалған жұмыстар туралы баяндады.
Экологиялық қорғау Бюросының атқарушы директоры Вадим Кушнарёв бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда:
Өскемен қаласындағы саябақтарға санитариялық-гигиеналық тораптар орнату;
Халықты экологиялық акциялар мен басқа да бастамалар туралы ақпараттандыруды күшейту.
Облыс әкімі қала әкімдігіне санитариялық тораптарды орнату жұмыстарын жеделдету, сондай-ақ экологиялық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық тұрғыда кеңінен жариялауды тапсырды.
Сонымен қатар, цифрландыру басқармасының басшысы қоршаған орта жағдайын бақылау үшін экодатчиктерді сатып алу туралы хабарлады. Сондай-ақ жыл соңына дейін өңірдің экокөлікпен толықтырылатыны белгілі болды, бұл экологиялық ахуалға оң әсер етуі тиіс.