«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында орман отырғызу

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында орман отырғызу

2025 жылғы 19 қыркүйекте республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еріктілер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен кең көлемді орман отырғызу жұмыстары өтеді.
Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Глубокое ауданындағы «Мало-Уба орман шаруашылығы» КММ аумағында 113 мың сібір шыршасының көшеті отырғызылмақ.
Айта кету керек, еріктілер мен блогерлердің қолдауы бұл жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Биыл көктемде олар Марқакөл ауданындағы «Марқакөл орман шаруашылығы» КММ аумағында 30 мыңнан астам көшет отырғызуға белсене атсалысқан болатын.
«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің жасыл қорын сақтау мен көбейту ісіне үлес қосып жүрген бейжай қарамайтын азаматтарды, қоғам белсенділері мен жастарды біріктіретін маңызды бастама. Бұл – еліміздің экологиялық болашағы үшін ортақ азаматтық ұстаным мен жауапкершіліктің көрінісі.