Риддер қаласында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті

Риддер қаласында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті

Іс-шара Круглая сопка тауының баурайында ұйымдастырылып, онда 120 шырша мен 80 емен көшеті отырғызылды.
Ағаш отырғызу - табиғи тепе-теңдікті сақтап, қаланы көгалдандыру жолындағы маңызды қадам болды.
Бұдан бөлек, акцияға қатысушылар аумақты тазалап, қоқысты жинап, тәртіп орнатты. Соның нәтижесінде бұл тұрғындардың демалуы үшін анағұрлым таза әрі жайлы орынға айналды.
Шараға 400-ден астам адам қатысып, олардың қатарында түрлі ұйымдардың өкілдері, жастар мен белсенді тұрғындар бар.
Ортақ күш-жігердің арқасында бұл акция туған өлкені құрметтеудің, бірлік пен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналды.