Білім ошағына Ахмет Байтұрсыновтың есімі беріледі. Бұл заманауи оқу орны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынды.
Мектеп ғимаратын "AST Qurylys 22" ЖШС салған. Ол заманауи талаптарға толық сәйкес келеді: кең және жарқын сыныптар, пәндік кабинеттер, зертханалар, Спорт және акт залы, кітапхана, асхана бар. Сапалы білім беру және балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов нысанның әлеуметтік маңыздылығын атап өтті:
«Балалар-біздің болашағымыз. Олардың жақсы жағдайда оқуы маңызды. Біз заманауи, қауіпсіз және жайлы ортаны құруға міндеттіміз»,-деді ол.
Жаңа мектептің ашылуы КШТ шағын ауданындағы қолданыстағы мектептерге жүктемені айтарлықтай төмендетеді. Бұл аудан-облыс орталығының қарқынды дамып келе жатқан аумақтарының бірі.