Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қыркүйек айында Өскемен қаласында өтетін халықаралық «Altai Invest-2025» форумына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.
««Altai Invest-2025» форумына 20 халықаралық қаржы институтының өкілдері мен 100-ден астам шетелдік делегат қатысатынын растады. Бұл іс-шара бизнес, билік және халықаралық құрылымдар өкілдерін біріктіретін алаң болмақ.
Форум аясында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және логистика сияқты әртүрлі салаларда ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қою жоспарланып отыр», – деді облыс әкімі.