Самар ауданы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіндегі маңызды мәселелер мен этикалық нормаларды сақтау тақырыптары қаралды.
Кездесуде келесі мәселелер талқыланды: әкімшілік құқықбұзушылық жасаған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі; қызметтік әдеп пен еңбек тәртібін сақтау; мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киім үлгісіне қойылатын талаптар; жұмыс уақытын тиімді пайдалану және артық жұмыс істеуге жол бермеу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру.
Семинар жұмысына облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Беккужина және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Б.Төлегенұлы қатысты.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге және мемлекеттік басқару органдары қызметіндегі кәсіби әдеп деңгейін көтеруге бағытталды.