2025 жылғы тамыз педагогикалық конференциясы аясында білім беру жүйесінің үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
«Құрмет» орденімен Ұлан ауданы Р.Марсеков атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алмагүл Тәупикова марапатталды. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі математика пәнінің мұғалімі, №42 орта мектептің ұстазы Ләззат Актанбаеваға, Глубокое орта мектебі (Ы.Алтынсарин атындағы) орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Әбілмәжиноваға, Самар ауданы Аққала ауылындағы «Мектеп-балабақша кешенінің» информатика пәнінің мұғалімі Бибігүл Шапиховаға табыс етілді.
ШҚО әкімі Еркінбек Мұрзахановқа – Үлкен Нарын ауылдық лицейінің информатика пәні мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, Самал Әльпатинаға – Катонқарағай ауданы Өрел орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Сергей Зарубинге, «Альтернатива» ШҚ медиация және құқық орталығы басқарма төрайымы Аксана Каленоваға және басқа да білім беру саласының қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті.
ШҚО әкімінің Құрмет грамотасы Глубокое ауданының білім бөлімінің басшысы Сәрсен Өтеповке, Алтай қаласындағы №7 орта мектептің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алмаш Нұрмұхамбетоваға, Өскемен қаласындағы №23 М.Шаяхметов атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Надежда Шаяхметоваға, Риддер колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Елена Плотниковаға, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Арда Данияроваға және т.б. табыс етілді.
Өңір басшысы педагогтарды марапаттарымен құттықтап, жаңа оқу жылында кәсіби және шығармашылық табыстар тіледі.