Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында Білім басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке Қуат Барысұлы Оқасов тағайындалды.
Оқасов Қуат Барысұлы 1969 жылдың 12 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде дүниеге келген. Жоғары білімді, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша білім алған.
1986–2021 жылдар аралығында әртүрлі салаларда еңбек етіп, 1997 жылдан бастап білім беру жүйесінде, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін "Ұлан ауданы әкімінің әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде аудан әкімінің орынбасары болып еңбек етті.
Облыс әкімі жаңа басшыны таныстыра отырып, оның іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерін атап өтіп, жаңа қызметіне табыс тіледі.