
Ол Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ шетелдегі Теледидар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтын тәмәмдаған.
Лаура Жакупованың бұқаралық ақпарат құралдары саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол республикалық телеарналарда жаңалықтар жүргізіп, авторлық жобалар, деректі фильмдер және ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дайындады. Қазақ радиосында жұмыс істеп, «Toppress.kz» директорының кеңесшісі және тележаңалықтардың жауапты редакторы болып қызмет атқарды.
Бұдан бөлек, ол ҚР ІІМ-нің Ішкі істер органдары Баспасөз орталығын басқарған.