Нұрымбет Сақтағанов жас офицерлермен кездесті

Нұрымбет Сақтағанов жас офицерлермен кездесті

Шекара қызметінің құрылған күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚР ҰҚК Шекара Академиясын және шетелдік жоғары әскери оқу орындарында білім алып келген жас офицерлермен кездесті.

Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас офицерлер қызметтегі алғашқы қадамдарын Шығыс Қазақстан өңірінде бастағалы отыр. Жас мамандар еліміздің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи әскери білім алған.

Облыс басшысы шығыс өңірі мемлекеттік шекара шебіндегі маңызды аймақ екенін және осы жерде қызмет ету бұл үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік екенін атап өтті.

«Шығыс Қазақстан –  мемлекеттік  шекараның  қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды өңір. Шекара бұл карта бетіндегі жай ғана белгі емес, бұл – мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығының символы. Офицер – жай атақ емес, ол ел намысын, жер тұтастығын, халық тыныштығын қорғаушы тұлға. Сіздерге артылған сенім – мемлекеттік шекарамыздың тыныштығын күзету», -  деді облыс әкімі.