«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 5-тармақтарына және 11-бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:
- «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/831-VI «Шығыс Қазақстан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға орта пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы;
«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы;
- «2025 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) түрлерінің тізбесін және сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы;
- «2025 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 101 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы.