Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен жұмыс отырысында орман шаруашылығы және ағаш өңдеу өнеркәсібі мәселелері талқыланды. ⠀
Биыл 3 309 га алаңда 15,7 млн көшет отырғызу жоспарланған. Көктемгі кезеңде 1276 га жерге 6,9 млн. көшет егілсе, күзде 2033 га алаңға қалған 10,3 млн. көшет отырғызылады. ⠀
Бүгінде өңірде қолданыстағы қуаттылыққа сәйкес жылына 30 мың текше метрден астам ағаш өңделеді. 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыс кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 1,7 млрд. теңге. ⠀
«Қолданыстағы өндірістерді жаңғырту арқылы жылына ДСП-ның көлемін 110 мың текше метрге дейін және ЛДСП-ны 60 мың текше метрге дейін ұлғайтып, өнеркәсіптік өнім көлемін 12 млрд. теңгеге жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және плиталық өнімнің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыруды қамтамасыз етеді»,
- деді Нұрымбет Сақтағанов.