ШҚО-да «Ауыл аманаты» жүйелі жүзеге асып жатыр

ШҚО-да «Ауыл аманаты» жүйелі жүзеге асып жатыр

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы мәселе қарастырылды. ⠀

ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін қолдауға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасуда. ⠀  

Бағдарламаның негізгі міндеті ауыл тұрғындары үшін қолжетімді шағын несие беруді қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, кооперацияны дамыту және ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. ⠀

2025 жылға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. 305 жобаны іске асыру және 305 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. ⠀

Қаржыландырудың басым бағыттары:

  • Туризмді дамыту
  •  Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу 
  • Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу.                                                                                               

Ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, мал шаруашылығын дамытуды басым бағыттарға қосу ұсынылды, оның ішінде:

  •  Сүт-тауар фермаларын құру 
  • ІҚМ бордақылау жөніндегі жобаларды іске асыру 
  • құс шаруашылығын (жұмыртқа бағытында) дамыту
  • Ұсақ мал өсіру (ұсақ мал).