2025 жылғы 25 шілдеде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария түрде талқылау өтті.

2025 жылғы 25 шілдеде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария түрде талқылау өтті.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және ішкі бақылау тетіктерін нығайту бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның өкілдері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бекқужина М.Е. және «Жанару» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының директоры, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Манаков Ж.Н. қатысты.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдістемелік ұсынымдары аясында жүргізілген талдаудың негізгі нәтижелері таныстырылды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығына, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі жариялылыққа және бюджет қаражатының игерілуіне бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Талқылау қорытындысы бойынша басқарманың ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленіп, олар алдағы жұмыста ескерілетін болады.