ШҚО-да сот жүйесінің үздік қызметкерлері марапатталды

ШҚО-да сот жүйесінің үздік қызметкерлері марапатталды
Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының судьялар және сот жүйесі қызметкерлері күніне орай өңірдің сот саласындағы үздік қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан алғыс хаттар келесі азаматтарға табысталды: зейнеттегі судьялар Тогжан Киреева, Мирхат Курманов, Баян Молгабылов, Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Фархад Камалов, ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Сания Тұтқанбаева, Өскемен қаласы №2 сотының судьясы Жанар Енсебаева, ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Салтанат Жайлыбаева, Өскемен қалалық сотының судьясы Әсемгүл Қасенова және ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гүлвира Нұршукатова. Сондай-ақ салтанатты шара барысында бірқатар қатысушыларға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының марапаттары — «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медалі, «Сот жүйесінің ардагері» атағы, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттар табысталды. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
 
ШҚО ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ