Заң және тәртіп

Заң және тәртіп

Ішкі істер министрлігінің «Заң және тәртіп» айлығын өткізу жөніндегі Жоспарын орындау аясында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменті және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімі «Ашық есік күнін» ісшарасын өткізді.

Іс-шара аясында келесі мәселелер қаралды:

- күзет қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын, күзет қызметі субъектілерінің қызметтік қаруды ресімдеу тәртібін, сондай-ақ осы саладағы заңнама талаптары;

- қызметтік міндеттерін орындау кезінде күзет ұйымдарының полиция бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тәртібі туралы хабардар ету;

- бақылау субъектілерінің терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде талаптарын сақтауы бойынша консультация беру.