Amanzholov University студенті, жеңіл атлет Алексей Хлыстов 19–21 маусым күндері Алматыда өткен VI Республикалық жастар ойындарында найза лақтыру бойынша үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Оның көрсеткіші – 67.10 метр. Бұл – Алексейдің жеке рекорды.
Қазіргі уақытта спортшы бір аптадан кейін өтетін Қазақстан кубогына қызу дайындалуда.
Айта кетейік, Алексей Хлыстов – Amanzholov University-дің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті. Жүктемесі көп болғанына қарамастан, ол спорттық мансабын да, академиялық оқуын да сәтті ұштастырып жүр.