Әкімдік отырысы туралы

Әкімдік отырысы туралы

2025 жылғы 26 маусымда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысы Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, №108 залда өтеді.

Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.

Онлайн, оффлайн түрде қатысуға ниет білдіргендер отырыс өткізілетін күннен екі жұмыс күні бұрын, қағаз немесе электрондық түрде М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте, тел.71-31-53 бойынша немесе электрондық түрде g.nukubaeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.

Өтініште отырысқа қатысуға ниет білдіргендердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы және кері байланыс үшін деректемелері көрсетіледі.

Отырысқа қатысуға жіберілгендер объект ішіндегі және ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.