ШҚО әкімі: Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту қажет

ШҚО әкімі: Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту қажет

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері қаралған кеңес өткізді. Республикалық кеңестің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.
«Жұмыстың ең басты көрсеткіші – бұл негізгі капиталға, ең алдымен тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болып табылады. Әрбір жоба бойынша нақты жұмыс алгоритмі болуы қажет, инвестициялық көрсеткіштер бойынша әр жобаны талдап шығу керек», – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімінің айтуынша, егер жоба жүзеге асырылмай немесе тоқтап қалса, оның себептерін жедел анықтап, кедергілерді жою қажет. Инвестор өтінім берген сәттен бастап нысан іске қосылғанға дейін барлық кезеңде қолдауды сезінуі тиіс.
«Әкімшілік кедергілерге жол берілмеуі керек. Шығыс Қазақстан серіктестікке ашық және біз инвесторларды алғашқы байланыстан бастап өндірісті іске қосуға дейін толық сүйемелдеуге дайынбыз. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жақын арада нақты нәтижелерін береді», – деді облыс әкімі.