Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аяқталды

Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аяқталды

Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі мәреге жетіп, нағыз мәдениет мерекесіне айналды.

Шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. «Фестиваль мәдениеттердің жақындасып, тіл табысуына негіз болды. Ол бірлік рухымен, әуенімен, жарықпен және жылулыққа толы болды. Бұл шара қатысушылардың және көрермендердің жүректерінде терең із қалдырып, халқымыздың рухани мұрасын сақтау және дамыту жолындағы бастамаларына серпіліс береді», — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Шоу-фестиваль аясындағы бағдарламада этноансамбльдердің көрсетілімі болды, Қазақстанның әр аймағынан және әлемнің 11 мемлекетінен келген эстрада жұлдыздары көрермендерге көтеріңді көңіл-күй мен мереке атмосферасын сыйлады. Қонақтар түркі әлеміның байлығы мен әралуандығын көрсететін бірегей музыкалық туындыларды тыңдады. Эпостық әуендердің қатарындағы «Очи Бала» (орындаушы — Болот Байрышев, Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан), «Домбыра» (Архан Уйғу, Ресей Федерациясының Саха Республикасынан), «Осы музыка ұнайды» (Ернар Садырбаев) және «МузАрт» тобы орындаған «Ұлы Дала» әні кездесудің сәніне айналды.