ШҚО әкімі мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада аясында волейболдан өткен жарысқа қатысты

ШҚО әкімі мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада аясында волейболдан өткен жарысқа қатысты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілген республикалық спартакиада аясында волейболдан өткен жарысқа ШҚО мемлекеттік қызметшілерінен құралған құрама команданың сапында қатысты.

«Мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада алғаш рет Өскемен қаласында өтіп жатыр. Елдің 20 өңірінен келген құрамалардан 1300-ден астам қатысушы жарыстарға қатысуда.

Ең бастысы – мұнда жеңілгендер болмайды, барлық қатысушылар – жеңімпаздар. Өйткені бұл жерде командалық рух қалыптасады. Қатысушылар бір жеңіс жолында бірге кедергілерден өтіп, бір-бірін қолдауға, көмектесуге үйренеді. Бұл қасиеттер тек спорттық жарыстарда ғана емес, күнделікті жұмыс барысында да аса қажет. Сонымен қатар, мұнда олар командалық жұмыс істеуді үйреніп, спорттық дағдыларын дамытып қана қоймай, өзге өңірлерден келген әріптестерімен бейресми жағдайда пікір алмасуға мүмкіндік алады», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Естеріңізге сала кетейік, спартакиада 12-16 маусым аралығында өтуде.

Спартакиада 9 спорт түрі бойынша өтеді: мини-футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, қазақ күресі, шахмат, арқан тарту, тоғызқұмалақ және баскетбол.