Шығыс Қазақстан облысында туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және басқа да салалар бойынша өңірдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстыру шарасы өткізу жоспарлануда.
«Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвестицияларды ел экономикасына тарту жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Осы тапсырманы жүзеге асыру аясында, 9 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және экономиканың басқа да басым бағыттары бойынша өңірдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстыратын арнайы іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған шара 10 қыркүйекте Өскемен қаласында өтетін «Altay Invest» халықаралық инвестициялық форумына серпін береді деп күтілуде. "Форумның басты мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шетелдік серіктестермен жаңа іскерлік әрі инвестициялық байланыстар орнату", – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімінің айтуынша, өңірде басым салаларға инвестиция тарту үшін тұрақты түрде қолайлы жағдайлар жасалып, бұл Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.