ШҚО-да шомылу маусымы қарсаңында қауіпсіздік шаралары өткізілді

ШҚО-да шомылу маусымы қарсаңында қауіпсіздік шаралары өткізілді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанға келетін туристердің жайлы және қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету мәселесі, оның ішінде қауіпсіздік шаралары талқыланды.

Жазғы шомылу маусымы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, 2025 жылғы шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Бүгінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Бұл бағытта алдын алу нұсқаулықтары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылып, туристік нысандар мен бағыттарда қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау күшейтілуде. Сонымен қатар, келесі профилактикалық шаралар жүзеге асырылды: аумақтарды кенеге қарсы өңдеу, су сапасына қатысты зертханалық зерттеулер (санитарлық-химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық), демалыс базаларының иелері мен қызметкерлеріне қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар өткізу, халық пен туристер арасында қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Отандық және шетелдік туристер үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі тұрақты бақылауда.