
2025 жылдың 6-8 маусымы аралығында бүкіл Қазақстан мұсылмандары сияқты, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да ең маңызды діни мерекелердің бірі — Құрбан айтты атап өтеді. Айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат 07:00-де оқылады. Бұл жөнінде ШҚО-ның бас имамы Думан Сайфуллин Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.
Мерекеге дайындық аясында облыстың қала және аудандарында құрбан шалуға арналған 12 ресми орын бекітілді. Аталған орындар жергілікті атқарушы органдармен келісілген және санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормаларына толық сәйкес келеді.
Құрбан шалуға болатын орындардың тізімі:
Назар аударыңыз!
Биыл Марқакөл ауданында құрбан шалуға арнайы орын қарастырылмаған.
Мерекені ұйымдастыру жергілікті әкімдіктер мен діни бірлестіктердің тығыз ынтымақтастығымен жүзеге асырылуда.