Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің болашақ ғалымдары, инженерлері мен жаңашылдарымен — дарынды оқушылармен кездесу барысында жас зерттеушілер өз жобаларын таныстырған көрмеге барды.
Көрме барысында оқушылар өз стендтерінде ғылыми-техникалық бағыттағы тың ойлары мен әзірлемелерін ұсынды.
Облыс әкімі ғылым, технология және білім беруді дамыту балалық шақтан басталатынын, ал осындай дарынды оқушылар — өңір мен бүкіл елдің мақтанышы екенін атап өтті.