ШҚО мектептері 40 жаңа үлгідегі пәндік кабинетпен толықтырылады

ШҚО мектептері  40 жаңа үлгідегі пәндік кабинетпен толықтырылады

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы мектептерге 45 жаңа үлгідегі пәндік кабинет сатып алынды. Оның ішінде: 9 химия, 9 биология, 9 физика, 9 STEM және 9 робототехника кабинеті бар.

– Биылғы оқу жылына тағы 40 кабинет сатып алу жоспарланған, оның ішінде: 8 химия, 8 биология, 8 физика, 8 STEM және 8 робототехника кабинеті. Бүгінгі күні соның 15-і жеткізілді, – деді облыс әкімдігінің отырысында білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Бұған қоса, өткен жылы Өскемен қаласындағы «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубтар бірлестігіне және Шемонаиха ауданының Убин орта мектебіне екі мектеп автобусы алынған болатын.

Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен тағы төрт мектеп автобусын сатып алуға қаражат бөлінді.