Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің 9 және 11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік емтихандар дәстүрлі форматта өтеді: 9-сыныптар үшін – 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, 11-сыныптар үшін – 30 мамыр мен 16 маусым аралығында.
Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мәлімдеді.
Білім басқармасы 9-сыныптарға арналған емтихан материалдарын әзірледі. «Алтын белгіге» үміткерлердің құжаттары талаптарға сәйкестігі бойынша арнайы комиссиямен тексерілді.
5–8 және 10-сынып оқушылары үшін емтихан 26–30 мамыр аралығында өтеді: мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде – «Қазақ тілі» пәні бойынша, орыс тілінде оқытатын мектептерде – «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша тапсырады.
Аттестаттарды табыстау рәсімі 18–20 маусым күндері өтеді.