ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауылына жұмыс сапарымен келді

ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауылына жұмыс сапарымен келді

Үлкен Нарын ауылында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалығымен облыс әкімдігінің көшпелі отырысын өтуде.
Кездесу барысында Үлкен Нарын ауданының өткен жылғы, 2025 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және ағымдағы жылға арналған міндеттері қаралуда.
Сондай-ақ, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары мен алдағы жылу беру кезеңіне дайындық, жаңа оқу жылына дайындық, оқушыларды қорытынды аттестациялауға даярлау, жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелері талқыланады.
Облыс әкімі жұмыс сапары аясында №26 өрт сөндіру бөлімшесі, орталық қазандық барысымен, «Приморск» жазғы лагерімен танысып, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтетін мини-футболдан достық матчқа қатысып, «Тәуелсіздік» саябағында 50 түп көшет отырғызуға қатысатын болады.